Железин ауданында өзенге түскен жасөспірімдердің ата-аналары жауапқа тартылды

Железин ауданында өзенге түскен жасөспірімдердің ата-аналары жауапқа тартылды
Фото: Константин Шелков

Полицейлер тұрғындарға тек арнайы жабдықталған жағажайларда шомылу қажеттілігін еске салды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Железин ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері Ертіс өзені жайылмасы ауданындағы су айдындарын тексеріп, ауыл тұрғындарымен судағы қауіпсіздік шараларын сақтау, қоршаған ортаның ластануы мен өрттің алдын алу бойынша профилактикалық әңгіме жүргізді. 

– Тәртіп сақшылары сағат 16.00-де Железин ауылында  2007 жылы туған кәмелетке толмаған жасөспірімдердің Ертіс өзенінде шомылуға тыйым салынған орынға суға түсулеріне жол бермеді.  Олар жалпы су пайдалану ережелерін бұзды. Аталған факті бойынша кәмелетке толмағандардың ата-аналары ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді Железин ауданы полиция бөлімінің бастығы Елдос Нұрғалиев. 

Айта кетерлігі, жазатайым оқиғалардың 80% жүзуге арналмаған жерлерде, сондай-ақ мас күйінде шомылу салдарынан болады. Бейтаныс су қоймаларында түбі сынған әйнек, металл шыбықтар және басқа да қоқыстар түрінде қауіпті болуы мүмкін.