Павлодарда жүргізуші куәлігінен айырылған азамат қайта құқық бұзды

Ол мас болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Тек демалыс күндері ғана облыс полицейлері жол қауіпсіздігіне қатысты 1488 құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 14 жүргізуші мас күйінде көлік басқарған.
– Мәселен, Павлодар қаласында Қамзин көшесінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Volkswagen Passat автокөлігінің жүргізушісін тоқтатты. Құжаттарды тексеру барысында полицейлер жүргізушінің мас күйінде екенін байқаған. Медициналық куәландыру нәтижелері олардың күдігін растады – ер адам орташа дәрежеде мас болған. Деректер базасын тексеру кезінде, бұл азаматтың бұған дейін, 2020 жылдың қыркүйегінде, жүргізуші куәлігінен жеті жылға айырылғаны анықталды, – деп хабарлады облыстық полиция департаментінде.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, жолдағы қауіпсіздік көбіне әрбір жол қозғалысына қатысушының тәртібі мен саналы әрекетіне байланысты.