Павлодар облысында жауын жауады

Павлодар облысында жауын жауады
Фото: Константин Шелков

Синоптиктер 25 наурыздағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, күндіз облыста ауа температурасы 0...+5, облыстың оңтүстігінде +8 градус жылы болады деп күтілуде. Солтүстікте және шығыста аздаған жауын-шашын болады.

Желдің  орташа жылдамдығы 9-14 метрге, облыстың оңтүстігі мен батысында секундына 15-20 метрге дейін жетеді

Түнде термометр 0...-5°C көрсетеді. Жауын-шашын күтілмейді.

Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде -2...-4, күндіз +3...+5 градус болады деп болжануда.