Павлодар облысында жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізген азамат ұсталды
Сондай-ақ ол көлікке масаң күйде отырған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Шарбақты аудандық соты көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра көлік құралын масаң күйде басқарғаны үшін Павлодар қаласының 43 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады.
– Сот 2022 жылғы 2 қыркүйектегі қаулымен сотталушының 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғанын анықтады. Алайда, ағымдағы жылдың 27 шілдесінде ол таңертең отбасымен «Маралды» демалыс аймағына демалуға келген. Көлікті қоғамдық көлік тұрағында қалдырған. Демалу үшін киіз үйді жалға алды. Демалу кезінде екі банка сыра ішті. Одан әрі заттарды көлікке тиеу үшін көлікпен киіз үйдің жанына келді, сол кезде полиция автокөлігі келген. Сотталушы полиция қызметкерлерімен сол жерде ұсталды, – деді аудандық соттың баспасөз орталығында.
Сотта сотталушының кінәсі оның мойындауымен қатар, куәлардың айғақтарымен және сараптама қорытындысымен расталды. Сот сотталушыны ҚК-і 346-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған өмір бойына көлік құралдарын басқару құқығынан айырумен, 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Сотпен өндірілген процессуалдық шығындарды сотталушы өз еркімен төледі.
Үкім заңды күшіне енді.