Бүгін Павлодар облысында қар жауады
3 наурызда желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрді құрайды, облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы -11...-16°C, батысы мен оңтүстігінде -6°C болады. Қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Күндіз ауа температурасы -3...-8°C, облыстың солтүстігінде -13°C. Қар жауып, жаяу бұрқасын күтіледі.
Павлодар қаласында түнде -11...-13°C. Бұлтты, қар жауады. Күндіз -4...-6°C. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз.