Павлодар облысында қазан айының соңында көктайғақ болады
Айдың орташа температурасы +5,4...+6,7°С-ты құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, айдың бірінші онкүндігінде жылы ауа райы күтіледі. Сынап бағанасы түнде +5...+10°С-ты көрсетсе, күндіз +15...+20°С-тан +20...+25°С-қа дейін көтеріледі.
Айдың ортасында ауа температурасы 0...+5°С-қа дейін төмендейді, ал күндіз +10...+15°С болады. Онкүндіктің соңында температура 0...-5°С-қа күрт төмендейді. Ал күндіз +3...+8°С-ты көрсетеді.
Қазан айының аяғында да орташа ауа температурасы 0...-5°С-тан +8...+13°С-қа дейін болады.
Жауын-шашын мөлшері нормаға жуық түседі (норма:18-26 мм). Қазан айы жаңбырлы болады деп болжануда. Айдың соңында тұман мен көктайғақ күтіледі. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін соғады.