Павлодар облысының тұрғындарын алыс жолға шықпауға шақырады

Павлодар облысының тұрғындарын алыс жолға шықпауға шақырады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өңірде қар жауып, дауыл соғады, ал кейбір аумақтарда көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық «КазСервис» ЖШС мен «Қазгидрометтің» мәліметінше, 6 қараша мен 7 қараша аралығында ауа райы күрт бұзылады.

Осыған байланысты мамандар тұрғындардан жол жүріс ережелерін қатаң сақтап, мүмкіндігінше алыс сапарға шықпауға кеңес береді. Қолайсыз ауа райы салдарынан облыс бойынша автожолдар жабылуы мүмкін.