Павлодарда уақытша автокөлік қозғалысы шектеледі
Сумен және жылумен жабдықтау желілерін реконструкциялау жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, осыған байланысты 2024 жылғы 7-8 шілдеден Ак. Сәтбаев көшесі бойынша Қайырбаев – Естай көшелерінің шекараларында автокөлік құралдарының қозғалысы шектеледі.
№№ 18, 27 автобус маршруттары қозғалысты Естай – Ак.Бектұров – Лермонтов – Ак. Сәтбаев көшелері бойынша екі бағытта да жүзеге асырады.
№№ 1, 1э автобус маршруттары сол сияқты, Ак. Сәтбаев көшесімен көшесімен оңтүстіктен солтүстікке қарай жүру кезінде Естай көшесіне оңға бұрылып, одан әрі Ак. Бектұров көшесіне солға бұрылады, содан кейін Лермонтов көшесіне солға, Ак. Сәтбаев көшесіне оңға бұрылады және одан әрімаршруттар бойынша жүреді. Сол сияқты кері бағытта.
№№ 5, 10, 21, 22, 31 автобус маршруттары осы учаскені Толстой – Астана – Лермонтов – Ак. Сәтбаев көшелері бойынша екі бағытта да айналып өтетін болады.