Павлодардың оңтүстік бөлігі бір апта ыстық сусыз қалады
Жөндеу жұмыстарынан кейін құбырлар тексерілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар жылу желілері» ЖШС «Қазақстан алюминийі» АҚ филиалының электр станциясынан жылу желілерінің гидравликалық сынақтарын жүргізуде. Жұмыстар 4 тамызға дейін жалғасады.
Осыған байланысты 29 ноября – Естай – Абай – Кривенко – Малайсары батыр – Қамзин көшелерінің қиылысындағы, Екінші Павлодар, Шығыс, Усолка, Дачный, Достық, Сарыарқа, Зеленстрой шағын аудандарындағы тұрғын үйлерде ыстық су болмайды.
Жөндеу жұмыстарынан кейін құбырлардағы ақауларды анықтау мақсатында сынақтар жүргізіледі.
– Сынақтар аяқталғаннан кейін бір ай бойы ыстық суды кезең-кезеңімен қосатын боламыз. Ешқандай ақаулар анықталмаған жылу желілерінен қуат алатын тұрғын үйлерде ыстық су желілері біртіндеп қалпына келтіріледі. Ал егер ақаулар анықталса, жөндеуден кейін кейінірек су беріледі, – деді «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінде.
Ұйым тұрғындардан жылу желілері өтетін жерлерде абай болуды сұрайды.
Барлық анықталған ескертулер мен бұзушылықтар бойынша +7 (7182)57-07-51 және +7 (7182) 62-61-09 телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.