Павлодарда 1 қазанда бірқатар нысан сегіз сағатқа жарықсыз қалады
Электр желілеріндегі жоспарлы жөндеу жұмыстары екі уақыт аралығында жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ мәліметінше, 1 қазанда электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру мақсатында жоспарлы жөндеу жүргізіледі.
Сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін Лермонтов көшесіндегі 85/1, 87, 89 және 91 мекенжайларында электр энергиясы уақытша өшіріледі.
Тағы бірқатар мекенжайда жарық сағат 14:00-ден 16:00-ге дейін болмайды. Олардың қатарында Ермак көшесі, 41/2 және 50, Лесопосадочная көшесі, 2, Солтүстік өнеркәсіптік аймағындағы 192 және 960, Орталық өнеркәсіптік аймақтағы 1240 мекенжайлары бар.
Екі сағаттық үзіліс Ермак, Лесопосадочная, Ақтоғай, Северная, 1-Жаңаауыл, Ракетная және Мостовая көшелеріндегі жеке тұрғын үйлерге де қатысты болады.