Павлодар облысының жолдарында автобустардың қозғалысына шектеу қойылды

Павлодар облысының жолдарында автобустардың қозғалысына шектеу қойылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Күн райы бұзылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ ресми арнасының мәліметінше, сағат 11:00-де Павлодар облысында ауа температурасының күрт төмендеуі, көктайғақ салдарынан республикалық маңызы бар «Павлодар-Шарбақты-РФ шекарасы» 0-112 шақырымында қоғамдық көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Шектеу қойылған жолдар туралы толық ақпаратты www.qaj.kz сайтындағы «Ақпараттық картадан» көре аласыздар.