Павлодарда төрт автобус қозғалыс бағытын өзгертті

Жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық ТҮКШ АЖ және ЖК бөлімінің мәліметінше, сағат 20:00-ге дейін Лермонтов көшесі бойынша М.Жүсіп – Бұқар жырау көшелерінің шекараларында автокөлік құралдарының қозғалысы шектелді. Осыған байланысты № 1э, 2, 52 және 126 автобус маршруттарының қозғалыс схемаларына уақытша өзгерістер енгізілді.
№1э, 2, 52 автобус маршруттары Лермонтов көшесіне кірмей, Торайғыров көшесі бойымен жүреді.
Олар батыстан шығысқа қарай Лермонтов көшесімен жүргенде Лермонтов-Ак. Бектұров-Торайғыров-Бұқар жырау көшелерімен айналып өтетін болады. Сол сияқты кері бағытта.
126 автобус бағыты Торайғыров көшесі бойынша шығыстан батысқа қарай жүру кезінде Торайғыров-Ак. Бектұров көшелері бойынша айналып өтеді.