«Екі жүрек қағысы»: Екібастұзда студенттер ақшалай сыйлық ұтып ала алады

«Екі жүрек қағысы»: Екібастұзда студенттер ақшалай сыйлық ұтып ала алады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ерекше жұптық сайысқа 16-20 жас аралығындағы студенттер қатыса алады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бір оқу орнынан тек бір ғана жұп (1 қыз + 1 жігіт) бақ сынай алады. 

– Егер сіз махаббаттың шынайы бейнесін өнер арқылы жеткізгіңіз келсе, ерекше жұптық сайысқа қатысуға асығыңыз! – дейді «Өнер» қалалық мәдениет сарайында. 

«Екі жүрек қағысы» байқауы «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының көркем сахналануы, креативті бейнебайқау, поэзия мен өнер додасы, интеллектуалды сайыс, романтикалық вальс кезеңдерінен тұрады. 

Өтінімдер 17 наурызға дейін gck.oner_kultura@mail.ru поштасына қабылданады. Бейне таныстыруды 4 сәуірге дейін жолдау қажет. Байқау 15 сәуір күні «Өнер» қалалық мәдениет сарайында өтеді. 

Жүлде қоры: бірінші орынға – 30 мың теңге,  екінші орынға – 25 мың теңге және үшінші орынға 20 мың  теңге  мен дипломдар ұсынылады. Сондай-ақ арнайы номинациялар үшін 10 мың теңге қарастырылған. 

 Қосымша ақпаратты 8-775-330-91-49 нөмірі бойынша алуға болады.