Павлодарда төрт күн бойы ыстық су болмайды

Малайсары батыр көшесіндегі жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодарские тепловые сети» ЖШС мәліметінше, осыған байланысты 13 маусымнан 16 маусымға дейін (қоса алғанда) бірқатар мекенжайларда ыстық су уақытша тоқтатылады:
- Вс. Иванов көшесі, 92;
- Елгин көшесі, 47, 47/1;
- Краснодарская көшесі, 50;
- Қамзин көшесі, 5 (№5 емхана), 9 (№3 балабақша);
- Мәскеу көшесі, 16;
- Нұрмағамбетов көшесі, 22, 24;
- Ростов көшесі, 50 (наркологиялық бөлімше);
- Щедрин көшесі, 30/1.
Ыстық суы болмайтын нысандар қатарына кейбір көпқабатты тұрғын үйлер және №2 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің екі ғимараты кіреді.