Павлодар облысының тұрғындарына алыс сапарға шықпау ұсынылады

Павлодар облысының тұрғындарына алыс сапарға шықпау ұсынылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көктайғақ және тұман күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазсервис» облыстық филиалының деректері бойынша, 24 және 25 қараша күндері өңірде ауа райы күрт өзгереді.

Болжам бойынша, алдағы екі күнде қар, жаңбыр, тұман күтіледі, соңы көктайғаққа ұласуы мүмкін. Осыған байланысты, алыс сапарларға шықпауға және жол ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Павлодар облысы бойынша барлық бағыттағы автомобиль жолдарының жабылуы мүмкін екенін ескертеміз, – деді «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметі.

Ведомство жүргізушілерді сақтық шараларын сақтауға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге шақырады.