Павлодар облысында республикалық маңызы бар тасжол жабылды
Көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақмола облысындағы екпінді жел, жаңбыр және көктайғаққа байланысты 30 желтоқсан күні сағат 17:00-ден бастап республикалық маңызы бар KAZ04 «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының учаскесі жабылды. Шектеу жолдың 200-ден 254-шақырымына дейінгі аралықты, яғни Шідерті кентінен Ақмола облысының шекарасына дейінгі бөлікті қамтиды. Бұл бағытта көліктің барлық түрінің қозғалысына толықтай шектеу қойылды.
«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта «Астана – Павлодар» бағытында колонналық қозғалыс ұйымдастырылды.
Жүргізушілерге қауіпсіздік шараларын сақтап, жолға шықпау ескертіледі.