Павлодарда қайда жарық болмайды

Қосалқы станцияларда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 тамыз күні сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:
- Р. Люксембург – Иса Байзақов – М. Горький – Қабдеш Нұркин, Салтыков-Щедрин – Архангельская – Малайсары батыр – Дальневосточная, Малайсары батыр – Қарағанды – Крылов – Вс. Иванов көшелері алаңындағы тұрғын үйлер;
- Вс. Иванов көшесі, 71, 79 («Альберо» ағаш шеберханасы), 81 («Жаса» дүкені, «Фарм-панацея» дәріханасы), 92, 97 («Амагел» ветеринарлық компаниясы, «Бумер» ТҚКС);
- Иссыккульская көшесі, 97/5 («Промикс» құрылыс материалдары дүкені).
Сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін:
- Естай көшесі, 140, 142/1 («Пахомовский», «Золотая пена» дүкендері);
- Иса Байзақов көшесі, 120 («Aport» отбасыға арналған киімдер дүкені).