Павлодарда қараусыз қалған ғимараттан өрт шықты
Оқыс оқиға мереке күні болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 8 наурыз күні 101 операторының пультіне Павлодар қаласында Циолковский көшесіндегі қараусыз қалған ғимаратта өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.
— Оқиға орнына өрт сөндіру мамандары дереу жетті. Өрт сөндірушілер жедел түрде екі қабатты бос көп пәтерлі ғимараттағы қоқыс пен ағаш құрылымдарының жануын анықтады. Тілсіз жау 80 шаршы метр аумақты шарпыған, - делінген хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда. Өртті жоюға ТЖД 21 қызметкері мен 6 техникасы жұмылдырылды.