Павлодарда өнерлі балалар ArtSport фестивалінде бас қосты
Мемлекет балалар спорты мен шығармашылығын қаржыландырудың жаңа тұжырымдамасын қолдауға миллиард теңге бөлді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Медет Тауасқанның айтуынша, бағдарламаға деген қызығушылық жыл сайын артып келеді.
– 2021 жылы біз мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бағдарламасын екі мың баламен бастадық. Биыл Artsport қатысушыларының санын алты мыңға дейін арттыра алдық. Келешекте спорт және шығармашылық клубтардағы балалар санын 14 мың жеткізу көзделуде, - деді ведомство басшысы. – Егер 2021-ші жылы 120 миллион теңге бөлінсе, қазіргі таңда біз миллиардты игеріп жатырмыз.
Медет Тауасқан ArtSport фестивалі - бағдарлама бойынша жұмыс істейтін аймақтың шығармашылық ұжымдар мен студиялардың есептік кеші екенін атап өтті. Кеште ұйымдастырушылар балалардың шығармашылық және спорттық деңгейлерінің қаншалықты жоғарлағанын көрсете алды. Олардың көпшілігі республикалық және халықаралық байқауларға қатысып жүрген жеткіншектер. Мәселен, "Ertis promenade" мерекесін ашқан Ирина Ленкевичтің "Nur Shashu" хореографиялық ансамблінің қойылымы еді.
– Бүгін біз көрсеткен қойылым ұжымның көптеген жылдар бойғы жеткен жетістігінің жемісі - деді басқарма басшысы. - Қойылым Абай шығармаларының бірінің негізінде жасалған. Сюжет бойынша бас кейіпкер қаза табады. Бірақ біз кейіпкерлерді байланыстыра отырып, финалды позитивті етуді шештік. Өйткені өмір мен махаббат жалғасады.
Айта кетейік, фестивальге облыстың түкпір-түкпірінен кішкентай әртістер келді. Олар 39 би және музыкалық нөмірлерді көрсетті. Бағдарламаға белсенді қатысқаны үшін студия басшылары мен қызмет көрсеткен ұжымдар өңірлік мәдениет басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram