Павлодарда тағы да құрғақ шөп жанды
Өрт Мойылды ауылына жақын жерден шыққан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
- Бүгін 101 пультіне сағат 16:26-да хабарлама келіп түсті. Мұнда Павлодар қаласында Мойылды ауылына жақын жерде құрғақ шөп жанған, - делінген хабарламада.
Оқиға орнына 1 техника мен 5 қызметкер жұмылдырылды. Сонымен қатар, Мойылды ауылдық әкімдігі өртке қарсы ерікті түрде көмекке келген.