Павлодарда №57 автобустың қозғалыс бағыты уақытша өзгертілді

Павлодарда №57 автобустың қозғалыс бағыты уақытша өзгертілді
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосурет

Оған Мақатаев көшесіндегі жөндеу жұмыстары себеп болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

23 шілдеден бастап Павлодар қаласындағы Мақатаев көшесінің Ж.Мұса көшесінен Әжібаев көшесіне дейінгі аралығында жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты аталған аумақта көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады.

Осы өзгерістерге байланысты №57 автобус маршрутының жүру сызбасы уақытша жаңартылды.

Солтүстіктен оңтүстік бағытқа қатынайтын автобус Кенжетаев көшесінен Жаяу Мұса көшесіне шығып, әрі қарай Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы – Кузнецкая көшесі – Мақатаев көшесі арқылы жүріп, кейін бұрынғы бағытына оралады.

Ал кері бағытта автобус Н. Назарбаев даңғылы – Мақатаев көшесі – Баймульдин көшесі – Н. Назарбаев даңғылы – Ж. Мұса көшесі – Кенжетаев көшесі арқылы қозғалады.

Жөндеу жұмыстары толық аяқталғанға дейін №57 автобус уақытша белгіленген жаңа бағытпен қатынайды.