Павлодарда бірнеше тұрғын үй жарықсыз қалады

Павлодарда бірнеше тұрғын үй жарықсыз қалады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Электр желісінде жөндеу жұмыстары жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодарэнерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 шілде күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуатымен қамтамасыз ету  қызметі тоқтатылады:

  • Қайырбаев көшесі, 76 – «Моя семья» дүкені, «Ozon» тауар беру орны;
  • М. Жүсіп көшесі, 25, 27/1 – №27 балабақша.