Павлодарда жол учаскесі демалыс күндеріне жабылады
Екі жоба бойынша жер жұмыстары жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 маусым сағат 22:00-ден 24 маусым сағат 6:00-ге дейін:
- Ак. Сәтбаев көшесінің бойымен Исиналиев көшесінен Қайырбаев көшесіне дейін диаметрі 500 миллиметр шаруашылық ауыз су құбырын қайта өңдеу;
- ТК-134-тен ТК-134/8-ге дейін жылу желісін қайта өңдеу жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты, Ак. Сәтбаев көшесі бойындағы Қайырбаев-Естай көшелерінің шекарасында көлік қозғалысы уақытша жабылады.
Жауапты бөлім қала тұрғындарынан маршрутты алдын ала жоспарлауды және келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.