Павлодарда бірнеше тұрғын үйлерде жарық болмайды

Павлодарда бірнеше тұрғын үйлерде жарық болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Электр желісінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 қыркүйек күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін Н. Назарбаев даңғылы, 285, 287, 289-үйлер және Қамзин көшесі, 356 мекенжайы бойынша орналасқан №16 бөбекжай-бақшада электр қуаты сөндіріледі.

Сонымен қатар, 9:00-13:00 аралығында қорғалатын аумақта ағаштарды кесу жұмыстарына байланысты Лесозавод шағын ауданы жарықсыз қалады.