Мереке күндері «Павлодар ЭТК» бөлімшелерінің жұмыс кестесі өзгереді
4 шілдеде бірқатар қызмет көрсету орталығы қысқартылған режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар ЭТК» АҚ мереке күндеріне байланысты қызмет көрсету орталықтары мен төлем қабылдау пункттерінің жұмыс кестесін жариялады.
4 шілдеде Павлодардағы Кривенко көшесі, 27 және Ломов көшесі, 160 мекенжайларындағы орталықтар сағат 9:00-ден 14:15-ке дейін, ал Академик Сәтбаев көшесі, 101 мекенжайындағы бөлімше 9:00-ден 13:45-ке дейін жұмыс істейді.
Ақсуда Вокзал көшесі, 11 және Қамзин көшесі, 33 мекенжайларындағы қызмет көрсету орталықтары 9:00-ден 13:45-ке дейін ашық болады.
Ал 5 және 6 шілдеде мерекеге байланысты «Павлодар ЭТК» АҚ-ның барлық қызмет көрсету орталықтары мен кассалары жұмыс істемейді.
Компания тұтынушыларға жылу және электр энергиясы үшін төлемді Kaspi.kz, Halyk мобильді қосымшалары немесе «Касса24» терминалдары арқылы онлайн жүргізуге болатынын еске салды. Жеке кәсіпкерлер төлемді Kaspi.kz және Kaspi Pay қосымшалары арқылы жасай алады.