Павлодарда су өшірілетіні туралы ақпарат – жалған

Павлодарда су өшірілетіні туралы ақпарат – жалған
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Су болмайтыны туралы хабарлама ватсап-чаттарда таралған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. 

«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, қала тұрғындары 5 мамырда бүкіл қала бойынша су өшірілетіні туралы ақпарат алған. 

– Бұл ақпарат шындыққа сай келмейді. Басылымда Сарань қаласындағы суды өшіру туралы жазылған, – делінген хабарламада. 

Компанияда азаматтардан @pavlodar_vodokanal аккаунтында жарияланған ресми ақпаратқа ғана сенуді сұрайды.