Павлодарда бірқатар тұрғын үй мен нысандарда уақытша су болмайды

Павлодарда бірқатар тұрғын үй мен нысандарда уақытша су болмайды
Фото: Константин Шелков

Мамандар су құбырын кесу бойынша жұмыстар жүргізеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

"Павлодар-Водоканал" ЖШС мәлімдеуінше, судан ажырату 8 қазан күні сағат 22.00-ден 9 қазан сағат 8.00-ге дейін болады деп жоспарлануда. Жөндеу жұмыстары Луначарский көшесі, 6/1 бойынша жүргізіледі.

- Осыған байланысты 29 Ноября көшесіндегі 1, 2, 2/1, 4, 6, 12, 14, 16, 19, 94, 5, 7, 11, 15;  М.Исиналиев көшесі, 1, 1/1, 2, 3, 6, 11, 12, 1А, 1Б; Луначарский көшесі, 1, 1/1, 2, 6, 6/1, 6/2, 9/1, 9/8, 10, 10/1, 10/2; Никитин көшесі, 106; Разин көшесі, 1 тұрғын үйлер сусыз болады, - делінген хабарламада.

Компанияда қала тұрғындарынан су жинауды және уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.