Торайғыр ауылы демалушылар үшін қауіпті аймаққа айналуы мүмкін
Қарақұрттар көлдің маңында көптеп тарала бастады. Жағдай арнайы комиссияда талқыланады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
5 тамызда Баянауыл ұлттық табиғи паркінде қарақұрттардың пайда болуы туралы ақпараты бойынша Баянауыл ауданының әкімі Павлодар облысының табиғи паркі және ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп, қарақұрттардың мекендейтін жерлерін зерттеу үшін Торайғыр ауылына баруды жүзеге асырды.
Зерттеу барысында Торайғыр көлінің бойындағы шөптер мен өсімдіктердің арасынан қарақұрт өрмекшілері, жұмыртқалары, қабықтары табылды. Павлодар облысының ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысын өткізуге бастамашылық жасайтын болады.