Павлодарда жаңа шусыз трамвай өткелі орнатылуда

Павлодарда жаңа шусыз трамвай өткелі орнатылуда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көше қиылысында көліктер үшін қозғалыс шектелді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық трамвай басқармасының мәліметінше, 19 мамырдан бастап М.Жүсіп пен М. Есенәлиев көшелерінің қиылысында рельс-шпал аумағын ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізіледі. 

Осыған байланысты аталмыш учаскедегі қозғалыс уақытша шектелетін болады.

Жұмыс орнында жаңа шусыз трамвай өткелі орнатылады.

Ал М. Жүсіп пен Р.Люксембург көшелерінің қиылысындағы рельс- шпал аумағын ауыстыру бойынша жұмыстары аяқталды. Автокөлік үшін трамвай өткелі ашық.