Павлодар облысының тұрғындарын алыс жолға шықпауға шақырады

Павлодар облысының тұрғындарын алыс жолға шықпауға шақырады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тұманға байланысты көріну мүмкіндігі шектеулі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалының мәліметінше, Қазгидромет деректеріне сәйкес, өңірде ауа райы өзгеріссіз қалып, қалың тұман сақталуда.

Өңір тұрғындарынан жол ережелерін қатаң сақтауды және қажетсіз сапарлардан бас тартуды сұрайды.