Павлодарда бір үйдің тұрғындары сусыз қалады

Жеке тұлға жапқыш арматураны ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 маусым күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін Павлов көшесі, 46 мекенжайында су беру уақытша тоқтатылады.
Ведомство тұрғындардан алдын ала су қорын жинап алуды сұрайды.