Павлодарда ерекше қажеттілігі бар студенттер кәсіби шеберліктерін шыңдады

Павлодарда ерекше қажеттілігі бар студенттер кәсіби шеберліктерін шыңдады
Фото: Константин Шелков

Аталмыш байқауға 35 студент қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Білім беру бөлімінің мәліметінше, ақпараттық технологиялар колледжінде ерекше білім беру қажеттілігі бар студенттер арасында кәсіби шеберлік конкурсы өтті. Онда бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері, менеджмент, электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мамандықтары бойынша білім алатын 35 студент бақ сынады. 

Конкурс аясында оларға графикалық дизайн, электр тізбегін құрастыру және бизнес-идеяны генерациялау бағыттары бойынша тапсырмаларды орындай отырып, өз білімдері мен дағдыларын көрсету керек болды.

Сондай-ақ, Республика күні қарсаңында байқауға қатысушыларды марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Жастардың барлығы ақшалай сертификаттарға ие болды. 

Сонымен қатар, мерекеге іс-шара серіктестері – American Dream пиццериясы мен Solid Group ЖШС кофе-брейк ретінде тамаша сыйлық тарту етті.