«Серпін»: Павлодар облысында жас мамандардың 50 пайыздан астамы жұмыс істейді

«Серпін»: Павлодар облысында жас мамандардың 50 пайыздан астамы жұмыс істейді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл туралы Марғұлан университетінде «Серпін» жобасын іске асыру бойынша өңірлік жұмыс тобының отырысында белгілі болды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Мәңгілік ел – жастарға. Серпін» жобасын жандандырудың негізгі қадамдары талқыланған кездесуге Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айгүл Маликова қатысты. 

Жиын барысында студенттерге қолдау көрсету бойынша ұсыныстар айтылды, соның ішінде оқу үлгеріміне қарамастан стипендиялар, тегін тамақтану және тұру, сондай-ақ демалыс кезінде жол ақысын төлеу мәселелері бар. Сонымен қатар, жұмысшы мамандықтарын дәріптеу, түлектерді жұмысқа орналастыру үшін жағдай жасау және өңірдің жұмыс берушілерімен ынтымақтастық жөніндегі іс-шараларды қамтитын «Серпін» жобасының жол картасы ұсынылды. 

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Самал Қадырова Павлодар облысында кадр тапшылығы проблемасын шешуге бағытталған жобаны одан әрі іске асыру жоспарын ұсынды.

2021-2023 жылдар аралығында университетті 367 адам бітірген, оның ішінде 196 жас маман (53,6%) Павлодар облысында жұмыс істейді. «Серпін» жобасы жас мамандарды даярлауда және олардың өңір экономикасына үлес қосуына шешуші рөл атқарады, – деді басқарма мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ольга Андрющенко.

Сондай-ақ, облыстық білім беру басқармасының басшысы Самал Айтқазина өз сөзінде жұмыстың негізгі бағыттарын атап өтті. 

2025 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында жұмыс күші артық өңірлерге көшпелі семинарлар өткізу жоспарланып отыр, онда оқушыларға жобаға қатысудың артықшылықтары егжей-тегжейлі түсіндіріледі, – деді  Самал Айтқазина.

Айта кетейік, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті 2014 жылдан бастап «Серпін» жобасына қатысып келеді.