Павлодарда «Halyq dauysy» фестивалінің қорытынды коцерті өтті
Концертте қазақ эстрадасының жұлдыздары өнер көрсетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Халықаралық деңгейде өткен «Halyq dauysy» фестивалінің қорытынды концерті Ertis promenade сахнасында ұйымдастырылды. Концерт жергілікті трио «Adai» тобының қойылымымен басталды. Сондай-ақ фестивальге қатысып, ақтық мәреге жеткендер өнер көрсетті.
Айта кетерлігі, бұл байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне 3 миллион теңге ойнатылған еді.
Байқау қорытындысы бойынша 16 жасқа дейінгі қатысушылар арасында Halyq radiosy марапатымен 500 мың теңгеге Медина Күмісбек ие болды. 16 жастан жоғары қатысқан сайыскерлер арасында дәл осындай жүлдені Дания Қабидолла жеңіп алды. Ал байқаудың бас жүлдесі екі қатысушыға бұйырды. Олар – Алматы қаласынан келген Мағжан Өмірбек пен Өскемен шаһарынан қатысқан Қарақат Қабдулина.
- Өзімді ең бақытты адам ретінде сезініп тұрмын. Осы сахнада өнер көрсетемін деп ойлаған емеспін. Осы жылы мектепті бітіремін. Мектепті үлкен жеңіспен аяқтадым. Фестиваль жайлы анамнан білдім. Анам қатысып көр деген соң бағымды сынап көргім келді,- деді Қарақат Қабдулина.
Байқау жеңімпаздарын анықтаған соң еліміздің жұлдыздары бас сахнада өнер көрсетті.
Естеріңізге сала кетейік, бұл концертте Мирас Жүгінісов, Yenleak өз өнерлерімен павлодарлықиардың жүрегіне жол таба білсе, кештің сәнін кіргізіп, ереке көңіл-күй сыйлаған жүргізуші Данияр Жұмаділов болды.
Фото: Константин Шелков
Шараның бас серіктесі - «KAZ MINERALS» тобы