«Ertis Promenade» сахнасында Май ауданының таланттары өнер көрсетеді

«Ertis Promenade» сахнасында Май ауданының таланттары өнер көрсетеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Демалыс күндері өтетін іс-шаралар тізімі белгілі болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәліметінше, 9 тамызда кешкі сағат 19:00-де Май ауданының өнерпаздары «Ertis Promenade» сахнасына шығып, шығармашылық нөмірлер ұсынады. 

10 тамызда жастар күніне орай кешкі сағат 19:00-де «CRMI FEST» фестивалі басталады. 

11 тамызда сағат 19:00-де «Шелест листвы» атты қазақстандық фильмі көрсетіледі.