«Домино» тобы Ertis Promenade сахнасында өнер көрсетеді

«Домино» тобы Ertis Promenade сахнасында өнер көрсетеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Демалыс күндері павлодарлықтарды концерттер, кино және ашық аспан астындағы би кеші күтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

10-12 шілде аралығында Павлодардағы Ertis Promenade сахнасында тұрғындар мен қала қонақтарына арналған мәдени, спорттық және ойын-сауық бағдарламалары өтеді.

10 шілдеде сағат 18:00-де «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі ұйымдастырылып, одан кейін Шарбақты ауданының шығармашылық ұжымдары концерт қояды.

11 шілдеде таңғы сағат 9:00-ден 10:00-ге дейін «Павлодар на спорте» жобасы аясында түрлі форматтағы жаттығулар өтеді. Кешкі сағат 19:00-де «Ertis Dauysy 2026» вокалдық байқауы басталып, кештің хедлайнері – «Домино» тобы өнер көрсетеді. Бағдарлама 21:00-22:00 аралығындағы дискотекамен жалғасады.

12 шілдеде сағат 18:00-де көрермендерге «Ауыл» фильмі көрсетіледі. Ал 19:00-ден бастап El Paso би студиясының ұйымдастыруымен OPEN AIR би кеші өтеді.

Бағдарлама аясында 20:00-20:30 аралығында кизомба, бачата, сальса және анимашки бағыттары бойынша тегін шеберлік сабақтары ұйымдастырылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, би кешіне кез келген адам қатыса алады.