Павлодар облысында қыздарға қарағанда ұлдар көбірек дүниеге келген
2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте облыста 7434 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық статистика департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оның ішінде 3825-і – ұлдар, 3609-і – қыздар. Туу коэффициенті 1000 адамға 13,17 құрады.
– Аталған кезеңде қайтыс болғандар саны 5101 адамды құрады, бұл ретте 1000 адамға шаққандағы өлім-жітім коэффициенті – 9,03. Халықтың табиғи өсімі 2333 адамды құрады, – деп жазылған хабарламада.
Тоғыз ай ішінде 1 жасқа дейін шетінеген 54 нәресте тіркелді. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 7,26 жағдайды құрады.
Биыл 1 қазанда облыста халық саны 754934 адамды құрады. Оның ішінде қалалықтар – 533478, ауылдықтар – 221456.