Павлодарлық желаяқтар Мальдив аралдарының ұзындығына тең жолды еңсереді

Павлодарлық желаяқтар Мальдив аралдарының ұзындығына тең жолды еңсереді

Олар тәулігіне 60-70 шақырымды жүгіріп өтпек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ультрамарафонға аттанған желаяқтар Павлодардан Ақсуға,  трансфермен Ертіс ауылына жетуді жоспарлап отыр. Бұдан әрі  жүгіріп немесе велосипедпен Ақтоғай, Сарышығанақ, Ақкөл, Солнечный кенті, Майқайың және Баянауылға аттанбақ.

Жарысқа алты адам, соның ішінде бірнеше дүркін марафоншылар Евгений Белов, Олег Борозенец, Омыржан Ошанов қатысады. Олардың арасында жалғыз әйел Ирина Темірғалиева бар.

Ультрамарафоншылар он күнде 700 шақырымды жүріп өтпек. Жүгіріп өту жолының ұзындығына 750 шақырымдық Мальдив аралдарына тең.

– Бұл шара Астана күніне арналады, – деді Running Pavlodar қозғалысының үйлестірушісі Сапаргелді Әбдірашев. – Жарыс алдында көптен бергі арманымызды орындаймыз – жаңа көпірмен жүгіреміз. Осылайша, салауатты өмір салтын ұстанатын Running Pavlodar қозғалысы Павлодар мен Ақсуды байланыстырады. 

Ультрамарафон 16 шілдеде аяқталады.

Сапаргелді Әбдірашевтың айтуынша, шара бірнеше мақсатты көздейді: СӨС насихаттау және болашақ офицерлерді, Отан қорғаушыларды іріктеу. Маршрут бойынша аялдамалар кезінде қатысушылар жастар үшін тартылудан жарыстар өткізіледі.