Павлодарда көлік қағып кеткен бала үйіне қайтарылды
Жол-көлік оқиғасы бойынша тексеріс жүргізілуде, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 наурыз күні сағат 09.10-да Hyundai Accent автокөлігі Назарбаев даңғылымен келе жатып, 2014 жылы туған баланы қағып кеткен.
– Жеткіншек жолды реттелетін бөлігімен, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп бара жатқан. Салдарынан кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды, – дейді департаментте.
Автокөлік айып тұрағына қойылды. Тексеріс жүргізілуде.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасында 2014 жылғы бала жедел жәрдеммен сағат 9.30-да жеткізілгенін хабарлады. Дәрігер жарақат бөлімінде қарап шыққаннан кейін үйіне қайтарылды. Екі аяғының жарақаттануы диагнозы қойылды.
Естеріңізге сала кетейік, зардап шеккен сегіз жасар бала түрлі жарақаттармен облыстық балалар ауруханасына жеткізілген болатын.