Ақтоғай ауданында оқыс оқиғадан алты адам көз жұмды

Ақтоғай ауданында оқыс оқиғадан алты адам көз жұмды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бір адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық 103 жедел медициналық жәрдем қызметіне шақырту 20 шілде күні сағат 12:01-де Ақтоғай ауданының Жоламан ауылындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінен түскен.

Оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлері 1963, 1975, 1983, 1998, 2006 және 2009 жылы туған алты ер адамның көз жұмғанын анықтады.

Сондай-ақ 1988 жылы туған ер адам Ақтоғай аудандық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оған орташа ауырлық дәрежесіндегі көмірқышқыл газымен улану диагнозын қойған.

Қазіргі уақытта науқасқа қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Дәрігерлердің мәліметінше, оның жағдайы тұрақты, облыс орталығына тасымалдау қажет емес.

Облыстық полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын хабарлады.