Павлодарлық әкімдікте не себепті жаяу жүргіншілер өткелін алып тастағанын айтты
Бұл учаскедегі өткел стандарттарға сай келмеген, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.
Айта кетейік, Іnstagram әлеуметтік желісіндегі парақшалардың бірінде желі қолданушыларының бірі Инновациялық Еуразия университеті орналасқан Ломов көшесінде жаяу жүргіншілер өткелін алып тастағанын жазған. Жол бойында қоршау қойылған.
– Павлодар қаласының полиция басқармасы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімімен бірге Ломов көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелін зерттеді. Зерттеу қорытындысы бойынша ТҮКШ бөліміне университеттің жанындағы өткелге демонтаж жасау туралы шешім қабылдаған, – деп хабарлады әкімдікте.
Себебі, стандарттарға сай келмеген. Аталған ұйғарым орындалған.