Павлодар облысында полицейге қатысты қызметтік тергеу ашылды

Павлодар облысында полицейге қатысты қызметтік тергеу ашылды
Фото: Константин Шелков

Ол аяғы ауыр әйелді ұрды деп күдіктенуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

13 қазанда Павлодар қаласының ПБ Солтүстік полиция бөлімінің тергеушісінен осы бөлім бастығының орынбасарына шара қолдану туралы өтініші келіп түсті. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің басшысы Василий Скляр өзінің Facebook парақшасында жариялады. 

– Менің тапсырмам бойынша, аталған факті бойынша Полиция департаменті қызметтік тергеуді бастады. Болған оқиғаның мән-жайы мен себептері тексеру барысында анықталатын болады,– деп жазды Василий Скляр. 

Қызметтік тергеу нәтижелері бойынша полиция қызметкерінің әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.