Павлодарда көпірлерді ретке келтіруде

Павлодарда көпірлерді ретке келтіруде
Фото: Павлодар қаласының әкімдігі

Жол өткелдерін жуу және бояу бойынша жыл сайынғы жұмыстар басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі таңда Успен көпірі, Химқалашық шағын ауданындағы және Назарбаев даңғылы бойындағы көпірлерді тазалау жұмыстары аяқталды.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта Назарбаев даңғылы бойындағы көпірді бояу жұмыстары жүргізілуде. 

35 адам жұмыс істеуде. Жұмыс 15 сәуір күні аяқталады деп жоспарлануда, – делінген хабарламада. 

Павлодар қаласында барлығы 9 көпір бар.