«Павлодарэнерго» сервистік орталықтарының жұмыс уақыты уақытша өзгереді

«Павлодарэнерго» сервистік орталықтарының жұмыс уақыты уақытша өзгереді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Төлемдерді мобильді қосымшалар арқылы жүргізу ұсынылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Компанияның баспасөз қызметі мәлімдегендей, 20 желтоқсан күні техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты сервистік орталықтар мен төлем қабылдау пункттері сағат 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Осыған орай тұтынушыларға төлемдерді мобильді қосымшалар арқылы жүргізу ұсынылады.

Төлемдерді «Kaspi Bank» акционерлік қоғамының Kaspi.kz мобильді қосымшасы, «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының Halyk мобильді қосымшасы, сондай-ақ «Astana Plat» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төлем терминалдары арқылы kassa.24 жүйесінде жүзеге асыруға болады. Жеке кәсіпкерлер компания көрсететін қызметтер үшін төлемдерді «Kaspi Bank» акционерлік қоғамының Kaspi.kz мобильді қосымшасы немесе деректемелер бойынша Kaspi Pay мобильді қосымшасы арқылы жүргізе алады.