Екібастұздың кейбір тұрғын үйлерінде су болмайды

Екібастұздың кейбір тұрғын үйлерінде су болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық «109» ақпараттық-анықтамалық қызметі баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 сәуір күні 22 жылыту орталық пунктінде жөндеу-профилактикалық жұмыстарды жүргізуге байланысты сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша суық, ыстық сумен жабдықтау қызметін беру өшіріледі:

  • Пішенбаев көшесі, 22, 26, 28;
  • Ломоносов көшесі, 17/2, 17/3, 19, 21 «А», 25, 27.