Павлодарда 23 қыркүйекте бірқатар нысан жарықсыз қалады
Жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ мәліметінше, сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін Абай көшесі, 115 мекенжайындағы облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында электр қуаты уақытша тоқтатылады.
Осы уақытта Гоголь тұйық көшесіндегі жеке тұрғын үйлер, сондай-ақ Е.Бекмаханов – Абай – Естай – И.Байзақов көшелерімен шектелген аумақтағы үйлер де жарықсыз қалады.
Бұдан бөлек, сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін Радиозавод кентінде электр энергиясы уақытша ажыратылады.