Павлодарда «Кербұғы» қойылымының премьерасы өтеді

Павлодарда «Кербұғы» қойылымының премьерасы өтеді
Фото: Нұркен Тұрлыбек

Оралхан Бөкейдің «Кербұғы» әңгімесінің желісімен жазылған қойылым еркіндікке, азаттыққа ұмтылған бұғылар жайында болмақ, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ертіс-Баян өңірінің рухани қарашаңырағы Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры Оралхан Бөкейдің «Кербұғы» әңгімесінің желісімен жазылған «Кербұғы» қойылымының премьерасын көрерменге ұсынуды жоспарлап отыр. Режиссері – Жангелді Садықов.

– Қоршауда күн кешкен бұғылар өздерін Жер Ананың еркесі ретінде сезінгенімен, басы байлы тұтқын екенін біледі. Олар мекен еткен асқар таулар, орман көлдер, бәрі қоршалған. Екі аяқты пенделердің тұтқыны. Тәуелсіздікті аңсаған бұғылар Жүсіпбек сахнасында көрерменге жол тартады, – дейді  әдеби бөлімнің меңгерушісі Нұркен Тұрлыбек.

Өтетін күні: 2024 жылдың 16 ақпаны, сағат 18:00-де және 17 ақпан күні, сағат 17:00-де.