Павлодарда миллиондаған қарызы бар автожүргізуші ұсталды

Павлодарда миллиондаған қарызы бар автожүргізуші ұсталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көлік жүргізушісінде елу миллионнан астам теңгеге жуық «қарыз» болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Павлодар қаласындағы Астана – Лермонтов көшелерінің қиылысында «Кибершериф» мобильді кешені жеке сот орындаушысымен бірлесіп, «Mitsubishi Outlander» автокөлігін тоқтатты.

Мәліметтер базасын тексеру кезінде бұл көліктің 52 миллион теңгеге жуық қарызы бар екені анықталды. Полицейлер көлікті мамандандырылған айып алаңына орналастырды, ол айыппұл толық төленгенше сол жерде сақталады, — деді қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде ағымдағы жылдың 20-30 маусым аралығында кез келген ұсақ құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидаты негізінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шарасы өтуде.