Павлодарлық оқушылар жазғы демалысты қалай өткізді?
Жоба аясында оқушыларының жазғы демалысы мен бос уақыты қамтылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің мәліметінше,«Жаз- 2024» жобасы аясында жазғы демалыс пен бос уақытты қамту бойынша 48 мыңнан астам 1-10-сынып оқушысы қамтылды. Жобада мектеп жанындағы лагерьлерде, киіз үй және бейіндік лагерьлерде бос уақытты ұйымдастыру, еңбекке баулу бойынша шаралар көзделген.
Мектеп жанындағы лагерьлер әрқайсысы 15 күнге созылатын екі маусымда 31 жалпы білім беретін мектепте ұйымдастырылды. Күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан 13 мектептің 6 мыңнан астам оқушысы мектептен тыс мекемелерде қамтылды. Мектеп жанындағы лагерьлер 15 мыңнан астам балаға демалысты қамтамасыз ете отырып, 1-4-сынып оқушылары үшін жұмыс істеді, бұл оқушылардың жалпы санының 70% құрады. Олар үшреттік тамақпен қамтамасыз етілді, жолдама құны 14 166 теңгені құрады.
Сонымен қатар, әлеуметтік қолдауды қажет ететін балаларға ерекше назар аударылды. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 3370 жетім бала, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, қамқоршылары бар отбасыларда тұратын, әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан балалар демалыспен қамтамасыз етілді.
1200-ден астам оқушы қаланың қосымша білім беру ұйымдарының түрлі жобалары шеңберінде ұлттық қолөнерді, өнерді және техникалық дағдыларды дамытуға бағытталған спорттық жарыстарға, шығармашылық байқауларға, шеберлік сағаттарға, тақырыптықіс-шараларға қатысты.
Жазғы демалысты және оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың қорытындысы қаланың білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясында шығарылды. Байқау қорытындысы бойынша «Жас-2024» номинациясымен М. Әлімбаев атындағы және Б. Момышұлы атындағы мектептер марапатталды.
«Жасыл желек» қалалық байқауының қорытындысы бойынша «Үздік гүлденген мектеп алаңы» номинациясы бойынша бас жүлдені – № 30 мектеп, бірінші орынды – М. Әуезов атындағы мектеп, екінші орынды № 6 мектеп иеленді. Үшінші орынға А. Шамкенов атындағы мектеп ие болды.