Павлодарлықтар қала күніне «Ertis Promenade» сахнасында ән салу үшін байқауға түседі

Павлодарлықтар қала күніне «Ertis Promenade» сахнасында ән салу үшін байқауға түседі
Фото:pixabay.com

Халық арасында дарынды орындаушылар байқауы екінші рет өткізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Cover karaoke PVL-2» халықтық байқаудың жария етілгені туралы мәлім етеді. Байқауға 18 жастан асқан азаматтар қатыса алады. «Cover karaokePVL»1 халық байқауы финалының жеңімпаздары «Cover karaoke PVL-2» байқауына қатыса алмайды. Оған кәсіби емес орындаушылардың қатысу мүмкіндігі бар. 

– Іріктеу 29 маусым мен 6 шілде күндері сағат 11:00-де, Астана көшесі, 156 мекенжайында «Колос» мәдени-ойын-сауық орталығында өтеді, – делінген хабарламада.  

Байқаудың финалы 13 шілде күні, сағат 11:00-де басталады. 

Ұйымдастыру комитеті іріктеу турларының нәтижелері бойынша 10 финалистті анықтайды.

– Финалда байқаудың әрбір қатысушысы өзі таңдаған әнді дайындайды. Қатысушы реквизиттерді, қолдау тобын және т.б. пайдалануға құқылы. Бұл ретте байқауға қатысушының іріктеу кезеңінде және финалда орындаған әні қайталанбауы тиіс. Қатысушылардың қорытынды өнерінің нәтижелері бойынша қазылар алқасы 5 жеңімпазды анықтайды,– делінген хабарламада

Балағат сөздері бар әндерді орындауға тыйым салынады. Жеңімпаздарды келесі критерий бойынша бағалайды:

  • орындаушылық деңгейі (дауыс шеберлігі, нөмірдің орындаушының жасына сәйкестігі);
  • сахна мәдениеті, әртістік, эмоционалдылық;
  • өнер көрсетудің өзіндік ерекшелігі, костюмі, реквизиттері.

Байқау жеңімпаздары алғыс хаттармен марапатталады және «Ertis Promenade» сахнасында өтетін Павлодар қаласы күніне арналған концертке қатысу құқығына ие болады. Айта кетейік, іріктеу кезеңіне қатысу үшін өтінім екі күн бұрын сағат 18:00-ге дейін Астана көшесі, 156 мекенжайы бойынша және kolos_pvl@mail.kz электронды поштасы арқылы жіберілу тиіс. Байланыс телефоны: 61-82-10.